Еңбек адамы: тұңғыш тракторшы әйелдің портреті музейге қойылды

Кәмшат Дөненбаева ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында қазақтан шыққан тұңғыш тракторшы-механизатор әйел Кәмшат Дөненбаеваны еске алу іс-шарасы ұйымдастырылып, өңірдегі "Анаға құрмет" музейіне маманның портреті қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған игі іс арқылы еңбекқорлық пен кәсібиліктің үлгісін көрсету мақсат етілген. Іс-шарада Социалистік еңбек ерінің көзін көрген замандастары, ұрпақтары және облыстағы сала қызметкерлері қатысты.

Айта кетейік, Қостанай облысының тумасы Кәмшат Дөненбаева ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан. 

"Кездесудің басты мақсаты – Кәмшат апамызды бүгінгі ұрпаққа насихаттап, сол кісінің еңбек жолын, өнегелі өмірін көрсету", – деді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлнұр Домбай.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында шебер өткен ғасырдағы ұстахананы қайта жандандырды

Новости партнеров