Кәмелетке толмаған тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды
Ақмола облысында «ВАЗ» маркалы жеңіл көлік пен «YUTONG» автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 23 наурыз күні «Степногорск-Заводская кенті» автожолында болған. «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттан сол жерде көз жұмды. Жеңіл көлікте болған кәмелетке толмаған тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.
Оқи отырыңыз: Елімізде үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды