Ақмола облысында бір ауылды су басып қала жаздады

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ауылды автобанмен байланыстыратын көпір шайылып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Шағалалы өзеніндегі мұз кептелісінен туындаған Чаглинка ауылының су басуына жол бермеді, деп хабарлайды  Аlmaty.tv ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.  

Су деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан ауылды автобанмен байланыстыратын көпір шайылып кеткен. Мұз кептелісін жою үшін Ақмола облысы ТЖД жарылыс техникасы мен күштері жедел тартылды.

«Зеренді ауданы ТЖБ бастығы Еран Жолдиннің айтуынша, судың сыни деңгейі 2 метрді құрайды, алайда оқиға болған сәтте ол 1,5 метрден аспады. Алдын ала өткізілген алдын алу шараларының, соның ішінде үйінділердің арқасында су елдімекенге кірген жоқ», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Шағалалы өзеніндегі су деңгейі төмендеуде, жағдай бақылауға алынды.

Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қанша қару табылды

Новости партнеров