Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр
Ақмола облысында прокурорлар мемлекетке пайдаланылмайтын жер учаскелерiн қайтарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерейментау ауданының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары тұрақты негізде жүргізіп келеді.
«Биыл қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 82,7 млн теңгені құраған, жалпы ауданы 10 мың гектарды құрайтын 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылды», - делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Мегаполисте 6 микроқаржы ұйымының әрекетінен 30 млрд теңге шығын келген