Ақордада жас ғалымдар Мемлекет басшысының қолынан пәтер сертификатын алды

Ақорда
Ақорда

Жас ғалымдар мұндай қамқорлық тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділікті нығайтатынын атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақордада Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында жас ғалымдар Мемлекет басшысының қолынан пәтер сертификаттарын алды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас ғалымдар Мемлекет басшысына және министрлікке көрсеткен қолдау үшін алғыс білдірді.

«Олар мемлекет тарапынан мұндай қамқорлық тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділік сезімін беретінін атап өтті», - делінген хабарламада.

Ғалымдар енді күнделікті қиындықтарға алаңдамай, зерттеуге толығымен назар аудара алатынын атап өтті және елге пайда әкелетін нәтижелермен сенімді ақтауға уәде берді.

Оқи отырыңыз: 2025 жылдан бастап өңірлік ғылымды дамытуға ерекше мән беріледі - министр

Новости партнеров