Елшілік Қазақстанға ерікті түрде қайту мүмкіндігін пайдалануға шақырды
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штатындағы елшілігі АҚШ аумағында жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады. Елшілік АҚШ-та депортация туралы шешім шыққан отандастарымызды айыппұл мен басқа да санкциялардан сақтану үшін Қазақстанға ерікті түрде қайту мүмкіндігін пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Елшілік өкілдігінен хабарлағандай, АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдік азаматтарға «CBP Home» мобильді қосымшасын пайдалану арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз еркімен елдеріне оралуға шақырып жатыр.
«CBP Home» мобильді қосымшасы арқылы өз еліне қайтатын азаматтарға келесі мүмкіндіктер берілмек:
Өз еркімен елдеріне қайтпаған жағдайда төмендегі шараларды қолдану жоспарлануда:
Егер азамат депортация шешімі бола тұрып, еліне қайтпаған болса оған тәулігіне 998 АҚШ долларын құрайтын айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл салу ретроспективті түрде, яғни бес жыл бұрын елден кету туралы сот шешімі шыққан азаматтардан өндіріледі (бұл жағдайда айыппұл шамамен 1 миллион долларға дейін баруы мүмкін).
Айыппұлды төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда заңсыз жүрген шетелдіктерге тиесілі жылжымайтын және басқа да мүліктерін мемлекет меншігіне алу тәсілі қарастырылады.
«Осыған орай, Елшілік жағымсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қазақстандық азаматтарды АҚШ билігі ұсынылған мүмкіндікті пайдалануға шақырады», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Ауа райы болжамы: бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауады