Ақсу қаласында қарттарды азаптаған пансионат қызметкері сотталды

Avin Ezzati/unsplash.com/
Avin Ezzati/unsplash.com/

Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлықтағы адамдарға физикалық күш қолданып, оларды көшеде жылы киімсіз қалдырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақсу қаласында «Қамқор» әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатысты қатыгездік көрсету жөніндегі резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Сот отырысы Ақсу прокуратурасының бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесінде жүргізілген талдаудың қорытындысына сай шешім шығарды. Онда естен тандырырлық зорлық-зомбылықтың фактілері тіркелген", — делінген хапбарламада.

Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлықтағы адамдарға физикалық күш қолданып, оларды көшеде жылы киімсіз  қалдырып, қыстың суығында қатты тоңуға мәжбүрлеп, азап шектірген.

"Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — деп хабарлады прокуратурадан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Сарыағаш ауданында жоқ адамға жалақы төлеген білім бөлімінің бұрынғы басшылары сотталды

 

Новости партнеров