Ақтау қалалық сотының бұрынғы басшысы ұзақ жылға сотталды

10.04.2025 21:19

Ол пара беріп, алаяқтық жасады деп айыпталды

Аlmaty.tv

Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллинге үкім шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.   

Ол пара беріп, алаяқтық жасады деп айыпталды. Шайдуллин 20 миллион теңгеге сотталушыға үкімді жеңілдетуге уәде берген.

Оған қатысты сот төрт айға созылды. Бастапқыда бұл істі Ақтау қалалық соты қарап, кейін Мұнайлы аудандық сотына берілген.

"Бүгін Мұнайлы аудандық сотында Бауыржан Шайдуллинге қатысты іске нүкте қойылды. Оған тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның серіктесі – сот орындаушысы Ринат Жанахметов 8 жылға сотталды. Бұрынғы судьядан мемлекет кірісіне оның банк ұяшығынан табылған 16 миллион теңге тәркіленді.

Ал, жәбірленушілердің сотталушылардан 1 миллион теңге талап еткен талап арызын сот қараусыз қалдырды", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 12 жастағы қызды зорлаған қылмыскер өмір бойына сотталды