Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды

21.04.2025 18:17

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Almaty.tv

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Б.Ж. Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау сылтауымен 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу жолымен алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде психотропты дәрілік заттарды заңсыз сатқандар ұсталды