Ақтауда ер адам пәтерімен бірге тірідей жанып кете жаздады

18.04.2025 09:50

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде ол адамды құтқарып қалды

Karl Callwood/unsplash.com/

Ақтауда қызыл жалынға оранған үйде ер адам баспанасымен бірге тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде ол адамды құтқарып қалды.

Өрт Ақтау қаласының Шығыс-2 шағынауданындағы екі қабатты тұрғын үйден шықты.

Өрт сөндіру кезінде ТЖМ құтқарушылары пәтерден 1959 жылғы ер адамды құтқарды. Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

«Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда 360 адамды кене шақты