Ақтауда тұрғындар 8 миллиард теңгеге жуық қаражатынан айырылып қалды

28.04.2025 14:30

Бұқара әкімдіктен көмек сұрап отыр

Ақтауда 800 адам екі құрылыс компаниясына алданып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндағы 600 тұрғын түгелдей қаражатын бір компанияға салса, қалған екі жүзі екінші құрылыс мекемесіне баспана алу үшін ақша төлеген. Азаматтар 8 миллиард теңгеге жуық қаражатынан айырылыпты.

«Мұрагер» тұрғын үйінде 310 салымшы бар. Олар 3 жыл бұрынпәтер кілт беру керек еді. Үш алаяқ директор 6,5 млрд теңгені талан-таражға түсіріп жіберді. Олар 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үш жылдан бері не үй жоқ, не ақша жоқ, жүгіріп жүрміз», – деді қала тұрғыны Мансұр Ауданбаев

Қыруар қаржысынан айырылған бұқара әкімдіктен көмек сұрап отыр. Қос компанияның біреуі қаржылық қиындықтарға тап болғанын алға тартып, құрылысты келер жылдың мамырына дейін аяқтауға уәде беріпті. Ал 600 азаматты сан соқтырып, үш тұрғын үйдің құрылысын аяқсыз қалдырған компанияның жұмысы өзге құрылыс мекемесіне жүктелмек.

 «Бүл іс мемлекет бақылап отыр. Құрылысын аяқталады. Арнайы ашылған құзыретті орган тапсырыс беруші ретінде құрылыс мекемесін анықтап, қаражатын анықтап, құрылысты аяқтап, тұрғындарға пәтерін табымтайтын болады», – деді Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тілеужан Мұстахин.

Оқи отырыңыз: БҚО-да ұлымен бірге жоғалып кеткен ана табылды