ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады
Ақтөбеде ТЖМ құтқарушылары 40-тан астам адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қаладағы Астана ауданында көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер иелерінің кооперативі кабинетінде өрт болып, ішіндегі электр қалқаны жанған.
«ТЖМ күшімен түтін басқан аймақтан баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылып, 35 адам эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз: Оқушылардың жаппай улануы: Маңғыстауда мектеп асханаларына тексеру жүргізіледі