Есіл өзенінде су деңгейі қауіпті межеден асқан

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта елдімекендерді су басу фактілері тіркелмеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысындағы бірнеше гидрологиялық бекетте су деңгейі қауіпті шектен асып, жағдай бақылауға алынған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.  

Есіл өзенінің Державинск қаласындағы гидробекетінде тұрақты түрде су деңгейі көтерілу үстінде. Кеше төрт сағат ішінде су 9 сантиметрге көтеріліп, 850 см қауіпті межеден асып, 853 см-ге жеткен. Су деңгейінің одан әрі өсуі күтіледі. Қазіргі уақытта елдімекендерді су басу фактілері тіркелмеген.

«Қауіпті межеден асқан жағдайда, елдімекендерді, шаруашылық құрылыстарын және жергілікті маңыздағы жолдарды, сонымен қатар өзеннің жайылма аумақтарындағы нысандарды су басу қаупі сақталады», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Дәл осындай жағдай Каменный Карьер ауылындағы гидропостта да байқалады. Мұнда су деңгейі екі сағат ішінде 4 сантиметрге көтеріліп, 808 см қауіпті межеден асып, 809 см-ге жеткен. Өзен бетінде мұз жоқ. Мамандардың айтуынша, негізгі себеп – Есілдің орта ағысы мен салаларынан келген еріген қар суы.

Бұл аймақта да өзен жағасындағы құрылыстар мен жолдарды су басу қаупі жоғары болып отыр.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 40-тан астам адам эвакуацияланды

Новости партнеров