Ақтөбеде жүргізуші жолақы төлемеген оқушыға автобус жуғызған

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Қазіргі кезде тұрғынның арызы бойынша тексеру басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбелік тұрғын баласына автобус еденін жуғызғанын айтып, полицияға шағым түсірді. Қазір тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы 27 қаңтар күні баласының үйге кеш келгенін, жолақысын төлемеген соң автобус жүргізушісі оған еденді жуғызғанын айтып көмек сұрады. Осы оқиғадан соң полицияға да арыз түсірген.

- Полицияға арыз түсті. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Осы ақпараттан соң ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мән-жайды бақылауға алғанын хабарлады. 

- Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолақысы үшін мектеп оқушысын еден жууға мәжбүрлеген оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды. Бала құқықтарының мұндай өрескел бұзылуына жол беруге болмайды. Комитет бұл әрекетті заңға қайшы деп санайды. Комитет оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын, сондай-ақ уақтылы шара қолданбаған қала әкімшілігінің әрекетсіздігі бойынша тергеу жүргізуді талап етеді. Біз кінәлілерге қатысты тиісті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық көліктерде балалардың құқықтарын сақтауды қатаң бақылауды күшейтуге шақырамыз, - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті. 

Оқи отырыңыз: Америка көзімен: шетелдік журналистер Алматы туралы кітап шығарды

Новости партнеров