Анама көмектескім келеді: төсек тартқан жеткіншек көптен көмек сұрайды

Азамат шұғыл түрде бүйрек ауыстыруы керек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қатарынан қалып, төсек тартқан жеткіншек көптен көмек сұрайды. Бір емес, бірнеше диагноз қатар қойылғандықтан, қажетті ем-дом да аз емес. Ал оның бәрін өтеу - жалғызбасты анаға ауыр. Амалсыз, ағайынға алақан жайған олар арнайы шот ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Азамат шұғыл түрде бүйрек ауыстыруы керек. Туа сала бойына біткен бірнеше аурумен күресіп келе жатқан жеткіншектің қазір жасы 16-ға толған. Жұлын жарығымен емделіп жүргенде, созылмалы бүйрек ауруы анықталған. Бір айналдырса, шыр айналдырған дертпен қаршадай бала соңғы 5 жылдан бері күресіп келеді.

"Туғанда омыртқа грыжасы диагнозы қойылған. Жиырма күннен кейін ота жасалды. Ал 5-6 жыл бұрын аяғын түзету үшін ота жасаттық. Сол кезде бүйрегі ауырып, құлады", – деді А. Есеновтің анасы Назгүл Аққошқарова.

Азамат жүре алмайды, аяғын жазып тұра да алмайды. Жұлын бефидасы, жарық, жамбас мүшелері функциясының бұзылуы, созылмалы бүйрек ауруы. Осының бәрі Азаматтың қатарластары сияқты жүріп кетуіне кедергі. «Өз еркіммен аяқ басқым келеді», «Анама көмектесуді армандаймын» деген ұл жомарт жандар қаржылай қолдау білдіргенін қалайды.

"11-сынып оқимын. Мектепке барып сабақ оқығым келеді. Мен тек үйде жатып білім алдым, ем аламын. Арманым көп, аяқпен жүріп, анама көмектесіп, достармен ойнағым келеді", – деді қала тұрғыны Азамат Есенов.

Бірнеше жыл бойы сергелдеңге түскен анаға қол ұшын созған қайырымдылық қорлары да аз емес. Олардың ұсынысымен бүгінде Азаматтың шетелде ем алуына қаражат жиналып жатқан көрінеді. Ал жалпы қажетті сома - 35 млн теңге.

"Шот ашу дегенді ойламадық. Қайырымдылық қордың командасына алғыс білдіремін, 3 блогер қыз қолдау білдірді. Қалған соманы халықтан күтемін. Аз ғана сомаға атсалысып көмектессе, баламды Белоруссияға апарып емдететін едім. Қолдау білдірген жандарға алғысымды айтамын!" – деді Азаматтың анасы.

Кейіпкердің жағдайын құлақпен естіп, көзбен көріп қайттық. Құрбы-құрдастарымен қыдырып жүрер шағында амалсыз ауыр төсекке таңылған жеткіншекке қол ұшын созам деген көпшілік үшін реквизит нөмірлерді қалдырдық.

Наргиз Жанабекова, Ұлытау облысынан

Оқи отырыңыз: Ыдыс жууға ерінген: балаларды бір қасықпен тамақтандырған тәрбиеші жұмыстан босатылды

Новости партнеров