Talgo пойызының вагондарына бейнебақылау жүйесін орнатылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Бейнебақылау жүйесі вагондар, кіреберістер мен шығаберістер, ортақ пайдаланылатын аумақтарды қамтиды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында 24 Talgo пойызының вагондарына бейнебақылау жүйесін орнатуды толықтай аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлығы 1350 камера іске қосылып, пойыз ішіндегі жағдай тәулік бойы үздіксіз бақылауда.

Бейнебақылау жүйесі вагондар, кіреберістер мен шығаберістер, ортақ пайдаланылатын аумақтарды қамтиды. Бұл шаралар оқыс оқиғалардың алдын алуға, құқықбұзушылықтарды болдырмауға, билетсіз жолаушыларды анықтауға және кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жүйеден алынған ақпарат тек Ұлттық тасымалдаушының ситуациялық орталығындағы уәкілетті мамандарға ғана қолжетімді. Бейнематериалдар жолаушылар шағымдарын әділ әрі жан-жақты қарау үшін қолданылады.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жүргізуші жолақы төлемеген оқушыға автобус жуғызған

Новости партнеров