Ақтөбедегі бала өлімі: тұрғындар қаңғыбас иттер мәселесін шешуді талап етіп отыр

Ақтөбеде 1-сынып оқушысы мектепке барар жолда қаза тапты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде 1-сынып оқушысы мектепке барар жолда қаза тапты. Оқиға сағат 7:30-да тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол білім ордасына әпкесі және анасымен бірге бармақ болған. Алайда үйден ерте шыққан. Әкесінің айтуынша, белгісіз бір ит сол мезетте шабуылдайды. Бала қатты шошынып, артынша жан тапсырған. Дәрігерлер оқушы жүрек тоқтауынан қайтыс болуы мүмкін екенін айтты. Ал тәртіп сақшылары болса, баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ деп отыр. Нақты қорытынды сот-медициналық сараптамасынан соң жарияланады.

 «103 бригадасы 5 минут уақыт аралығында келіп, көмек көрсеткен. Яғни бригада келгенде балада клиникалық өлім болған. Ол  үйінде анасының қасында еді, 30 минут шамасында барлық реанимациялық іс-шара өткізілген. Алайда нәтижесіз болуына байланысты көз жұмды», – деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Шарбақова.

Оқиғадан кейін Ақтөбе тұрғындары балалардың қауіпсіздігіне алаңдап, қаңғыбас иттер мәселесін шешуді талап етіп отыр. Себебі қалада иесіз жануарлардың саны күн санап артып келеді. Алайда Білім басқармасы бұл жағдайға қатысты тараған кейбір ақпараттарды жоққа шығарды.

Айта кетейік, марқұм бала – № 16 мектептің оқушысы.

 «Өкінішке қарай, Ақтөбе қаласындағы 1-сынып оқушысы көз жұмды. Баланың ата-анасына, ағайын туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Түрлі қауесет таратылып жатыр. Бірақ оның барлығын растай алмаймыз. Себебі тергеу амалдары жүріп жатыр, сараптама жүріп жатыр. Қортындысы шыққанша жалған ақпарат таратпауды және ол үшін жауапкершілік қарастырылғандығын айтамыз», – деді Ақтөбе облыстық Білім беру басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі бала өлімі: марқұмның әкесі оның жүрегі жарылып кеткенін айтты

Новости партнеров