Ақтөбедегі бала өлімі: марқұмның әкесі оның жүрегі жарылып кеткенін айтты

28.02.2025 16:12

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, бала 1-сыныпта оқиды

Almaty.tv

Ақтөбеде марқұм оқушының әкесі ит секіргенде баланың қорқып, жүрегі жарылып кеткенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, бала 1-сыныпта оқиды. Алдын ала хабар таратқан мектеп мұғалімі қате айтқанын, ешқандай да ит болмағанын жеткізді. Алайда баланың әкесі мән-жайды өзі түсіндіріп берді. 

«Ит болды. Өздері ұстап алып кетті. Қызыл ит. Иесі бар ма, жоқ па білмейміз. Үстіне секірген, қорқып кетіп, жүрегі жарылды. Шындық сол. Осы арада көзімізбен көрдік. Мамасы артынан шығып келе жатты. Қасында апасы да болды», — деді марқұмның әкесі.

Еске салсақ, бүгін Ақтөбеде мектеп оқушысы көз жұмды.