Алашорда ісі: Алматыда 12 томдық тарихи-құжаттық жинақтың тұсауы кесілді

Зерттеу жұмысына 35 тарихшы-ғалым, археографтар мен архившілер қатысқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 12 томдық «Алашорда ісі. 1920–1940 жылдардағы Құжаттар мен материалдар» атты тарихи-құжаттық жинақтың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбекке Бас прокуратураның, ІІМ мен ҰҚК-нің арнайы мемлекеттік архивтерінде құпия сақталып келген ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргінге қатысты құжаттар енгізілген. Соның ішінде бұрын жарияланбаған 3000-нан астам құжат пен фотосурет, тың деректер бар. Көптомдықтың жарық көруі тарихтағы көлеңкелі тұстарды айқындап, ақтаңдақтарды толық ақтауға бағытталған. Академик Мәмбет Қойгелдиевтің ғылыми жетекшілігімен жүзеге асырылған зерттеу жұмысына 35 тарихшы-ғалым, археографтар мен архившілер қатысқан. 

"Алаш қозғалысы –  қазақ ұлт-азаттық қозғалыс. Ол не деген сөз? Ол тек қана, бұл қозғалыс зиялылардан тұрмайды. Ол қозғалысқа қоғамның, ұлттың барлық әлеуметтік топтары атсалысты. Олардың ортақ мақсаты болды. Біз 12 томдықты дарялағанда осы идеяны негізге алдық", – деді ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев.

Оқи отырыңыз: Киіз үйдегі жаңа жыл: Алматыда ұлттық нақышта безендірілген Аяз Атаның үйі ашылды

Новости партнеров