Алмас Кішкенбаевтың ісі сотқа жетті

Іnstagram.com/a.kishkenbaev
Іnstagram.com/a.kishkenbaev

Ләйлә Сұлтанқызы да болған жағдайға қатысты желіде пікір білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмас Кішкенбаевтың ісі сотқа жетті. Алматы қаласының әкімшілік соты танымал әншіге қатысты істі қарауға қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылып, заңға сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 78 мың 640 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе 5-15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Ал Кішкенбаевтың продюсері Ләйлә Сұлтанқызы да болған жағдайға қатысты желіде пікір білдірді.

 «Шыққан жерін білетіндіктен, анасын, алған тәрбиесін көргендіктен, өз басым жамандыққа қимаймын. Рас болса, қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады. Өтірік, жала жабылған болса, 17 жастағы бала ата-анасымен бірге кешірім сұрап, іс жабыла сала ма? Ал айрандай төгілген Алмастың абыройы ше?», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы

Еске сала кетейік, 31 қаңтарда Кішкенбаев полиция бөліміне жеткізілген. Ол кәмелет жасқа толмаған бозбалаға ішімдік ішуге ұсыныс жасады деген күдікке ілінді. Сот отырысы жәбірленушінің заңды өкілінің өтініші бойынша кейінге шегерілген. Енді бүгін аталған дерекке қатысты сот тыңдалымы өтеді

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында медбикелер үстемақы алу үшін жалған құжат жасаған

Новости партнеров