«Алматы арена» мұз айдынындағы өрттің шығуына не себеп болуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv

Мамандар бірнеше нұсқаны қарастырып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы арена» мұз айдынындағы өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар бірнеше нұсқаны қарастырып отыр. Сала қызметкерлерінің сөзінше, балалар ойыны да оқиғаның туындауына әсер етуі мүмкін. Қазіргі таңда аталмыш іс материалдары Алатау ауданы Полиция басқармасына жіберілген.

Еске салайық, өрт дерегі өткен сенбіде тіркелген. Құтқарушылар нысанның бірінші қабатындағы ойынға арналған төсеніштердің қызыл жалынға оранғанын анықтаған. Өрттің жалпы аумағы 40 шаршы метр. Оны сөндіруге 21 техника мен 84 адам жұмылдырылды.

"Өрт сөндірушілер келгенше, мекеме қызметкерлері өз бетінше нысаннан шығып үлгерген. Шамамен 400-дей адам. Ал 4 баланы құтқарушылар аман алып қалды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Оған балалардың да қатысы бар болуы мүмкін. Одан бөлек те бірнеше нұсқа қарастырылып отыр. Неге десеңіз, өрт қауіпсіздігінің сақталмауы, қысқа тұйықталу  сынды фактілер де жалынның шығуына әсер етуі мүмкін. Барлығы алдағы уақытта анықталады", – деді Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Әділбек Жұмабаев.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер "Алматы Аренадағы" өрттен зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

Новости партнеров