Сала мамандары компания аумағын қоқыстан тазартып, аялдама кешендерін жуып шықты
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясына қаланың Түрксіб ауданындағы 350 кәсіпорын қызметкері белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жауапты бизнес – көрікті қала» атауымен кезекті тазалық науқаны шаһардағы автосалондардың бірінде өтті. Сала мамандары компания аумағын қоқыстан тазартып, аялдама кешендерін жуып шықты. Қоқыс шығару, көгалдандыру жұмыстарына да жұмылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында Түрксіб ауданының кәсіпкерлері, атап айтқанда «Алюр Авто» компаниясы, абаттандыру паспортына сәйкес аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсарту және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы орта қалыптастыру үшін бағытталған, – деді Түрксіб ауданы әкімі аппараты Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Ердос Әубәкіров.
Оқи отырыңыз: Еліміздің екі өңірінде тасжолдар жабылды