Алматы облысындағы Есік қаласының шекарасы екі есе ұлғайды

05.03.2025 17:37

Бұл қалаға Бәйтерек ауылын қосу арқылы жүзеге аспақ.

Фото: qazir.kz

Еңбекші ауданының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімі мен облыстық әкімдіктің қаулысына сәйкес, Есік қаласының шекарасы кеңейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Құжатқа сәйкес, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының жалпы аумағы (шегі) 2529,64 гектарға тең. Бөлек және Рахат ауылдық округтерінің кейбір жерлерін қосып, жалпы көлемі 4228,54 гектар шекарасында өзгертілсін", – делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының жалпы аумағы (шегі) қазіргі уақытта 2529,64 гектар. Оның көлемін 4228,54 гектарға кеңейту жоспарда. Бұл қалаға Бәйтерек ауылын қосу арқылы жүзеге аспақ.

Дереккөз: ҚазАқпарат