Алматы әкімдігі қала әкімінің атынан жалған хабарлама таралып жатқанын ескертті

18.04.2025 15:14

Қала әкімдігі тұрғындарды сақ болуға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады

Shutter Speed / Unsplash

Алматы әкімдігі WhatsApp мессенджерінде қала әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар таралып жатқанын ескертті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ басқа да мүмкін болатын нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалып жатыр.

«Ресми түрде хабарлаймыз: Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламаларды тарату мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер. Сіздерден өтінеміз: мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеңідер және жеке деректі таратпаңыздар», - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындарды сақ болуға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

«Егер осындай хабарлама алсаңыздар – құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда 21-27 сәуір аралығында ауа райы қандай болады