Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасатыны айтылды
Алтын-Емел ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері суаттарда фототұзақтар орнатты. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қар барысының (Panthera uncia) бірегей кадрларын алуға мүмкіндік туған.
"Қар барысының болуы жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдайлардың бар екенін және парктің жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін растайды", - делінген хабарламада.
Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасатыны айтылды.
Оқи отырыңыз: Конгода белгісіз аурудан 53 адам қайтыс болды