Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Lucia Macedo/unsplash.com/
Lucia Macedo/unsplash.com/

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22 ақпанда Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға шаруа қожалығының қорасынан 5 жылқысының ұрланғаны туралы арызданды. Беймәлім адамдар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. 

Оқи отырыңыз: Қызылордада жылдамдық режимін 17 рет бұзған жүргізуші анықталды

Новости партнеров