Қайтыс болған адамның жетісін, қырқын, жылын өткізуге тыйым салынды

Sergei Sviridov/ unsplash.com/
Sergei Sviridov/ unsplash.com/

Елдің діни басқармасы жерлеу кезінде мал союға тыйым салды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстанда қайтыс болған адамның жерлеу рәсіміне, одан кейінгі рәсімдерге белгілі бір деңгейде шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің діни басқармасы жерлеу кезінде мал союға тыйым салды. Сол сияқты еске алуға арналған үшін, жетісін, қырқын, жылын өткізуге де шектеу енгізілді.

Қырғызстанның діни басқармасы бұдан бөлек қабірлерге мәрмәрдан, темірден және граниттен жасалған мүсіндер, ескерткіштер қоюға тыйым салады.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Новости партнеров