Алматы облысында  пластик жәшік шығаратын цех ашылды

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жобаны жүзеге асыруға 50 миллион теңге инвестиция салынып, 10 жаңа жұмыс орны ашылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұйғыр ауданында алғаш рет пластик жәшік өндіретін өндірістік цех іске қосылды. Кәсіпорын қайта өңделген шикізаттан сапалы өнім жасап, жылына 600 мың дана жәшік шығаруға қауқарлы. Жобаны жүзеге асыруға 50 миллион теңге инвестиция салынып, 10 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орны өнімнің беріктігі мен экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді. Мұнда жәшіктер халықаралық стандарттарға сай құйылып, барлық тасымалдау және сақтау талаптары қатаң сақталады. Қазіргі өндірістік қуаты ауданның жәшікке деген қажеттілігінің 50 пайызын өтей алады.

Кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Жаңа құрылғылар орнатылып, жылдық өнім көлемін 1,2 миллион данаға дейін ұлғайту көзделуде. Бұл жоба аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және пластик қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.

“Бұл кәсіпорын ауданымыз үшін маңызды бастама. Біріншіден, жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды. Екіншіден, өңіріміздегі өнеркәсіп саласы дамып, пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы экологияға да оң әсер етеміз. Болашақта осындай өндірістердің саны арта береді деп сенеміз”, – деді аудан әкімі Бота Елеусизова.

Оқи отырыңыз: Заман талабына сай жабдықталған қант зауыттарын салу қажет - сенатор

 

Новости партнеров