Қазір осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Әлеуметтік желіде теміржол бойында адам мерт болғаны жөнінде бейнежазба тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаменті бұл фактіні растады. Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға оқиға 17 наурыз күні Алматы облысының «Шамалған-Ақсенгір» станциялары аралығында болған.
"Аталған факті бойынша Алматы станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаменттен.
Оқи отырыңыз: Наурыз қарсаңында Алматыда эко-фестиваль өтеді