Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады
Алматы облысының әкімдігі Талғарда қаза болған жасөспірім Шерзат Болаттың отбасы тұратын үйді қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Ш. Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды. Сонымен қатар оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі», - делінген облыстық әкімдітің хабарламасында.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда азық-түлік дүкені жанында жанжал болып, соның салдарынан 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған болатын. Аталған оқиғаға қатысты 7 адам қамауға алынды. Қаза болған жасөспірімнің туыстарының айтуынша, оларға шабуыл жасаған қарулы топтың құрамында 13 адам болған. Ал бүгін, яғни 12 қазанда түнде белгісіз біреулер марқұмның туғандары тұратын үйді өртеп жіберген. Баспрокуратура өрт оқиғасына қатысты істі жеке бақылауға алғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Қылмыскерлер әділ жазалануы керек: Мәжілісмен Талғардағы жаға ұстатқан жағдайға қатысты үн қатты