Алматы прокурорлары лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тартты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

99 лауазымды тұлға, оның ішінде 74 басшы жауапқа тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, атап айтқанда, жосықсыз кәсіпкерлерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу тәртібін сақтауына талдау жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сатып алуды ұйымдастырушылардың мәліметтерді ЖҚТ-ға енгізу үшін уәкілетті органға уақтылы жолдамағаны немесе толық түрде жолдамағаны туралы фактілері анықталды.

Мемлекеттік мекемелер басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, сондай-ақ кәсіпкерлердің жауаптылықтан айналып өту белгілерінің болуы,тапсырыс берушілер тарапынан сыбайлас жемқорлық қаупін тудырды.

Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

«Оны қарау нәтижесінде 99 лауазымды тұлға, оның ішінде 74 басшы тәртіптік жауаптылыққа тартылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жолданды. Оны қарау қорытындысына сәйкес сот, мемлекеттік сатып алулармен байланысты сот актілерін орындауда анықталған кемшіліктерді түзету бойынша шаралар қабылдады.

Оқи отырыңыз: Бизнеске қатысты әрбір іс прокурорлық қадағалау сүзгісінен өтеді

Новости партнеров