Алматы тәжірибесі: Астанада да экобекеттер пайда болуы мүмкін

Министр ауаны ластауға жол бермейтін бекеттер керек екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада экопосттар пайда болуы мүмкін. Экология министрі Ерлан Нысанбаев оларды Алматы тәжірибесі негізінде еліміздің басқа да қалаларында орнатқысы келеді екен. Осылайша, табиғатқа зиянды заттарды көп бөлетін көліктерді анықтау көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бір ғана Алматыда былтыр темір тұлпар иелеріне 437 миллион теңге айыппұл салыныпты. Министр "сондықтан Астанаға да ауаны ластауға жол бермейтін бекеттер керек" дейді.

"Алматыда бекеттерден бөлек, екі жылжымалы көлік қаланы аралап, өлшеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл өте тиімді деп нық сеніммен айта аламыз. Сондықтан Астанада да осындай бақылау жүйесін енгізу керек, уақыт келді. Мен бұл мәселені қала әкімімен талқылаймын, ол Алматының тәжірибесін зерттесін. Бұл шаруаны кейінге қалдыруға болмайды", - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Оқи отырыңыз: Үздік жаңажылдық безендіру: Алматыда кәсіпкерлер арасындағы конкурста кім жеңімпаз атанды

Новости партнеров