Алматы әуежайында жолаушы қызметкердің шашынан тартып, көпшілік алдында пышақ кезенді

әлеуметтік желіден алынды
әлеуметтік желіден алынды

Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұраған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында болған оқыс оқиғаның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, оқиға бүгін 11:45–те болған. Ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұраған, ал ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан.

"7 минуттан кейін ер адамды әуежай аумағындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта ер адам полицияның желілік бөлімінде және бұл оқиғамен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр", — деп хабарлады әуежайдан.

Оқи отырыңыз: Алаяқтыққа күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Новости партнеров