Игі іске ата-аналар да атсалысып жатыр
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық акциясы аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары пластиктен жасалған қақпақтарды жинап, оны қайта өңдеу арқылы жаңа бұйымдар жасап шығаруды қолға алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл игі іске ата-аналар да атсалысып жатыр. Тәрбиешілер мұндай бастама балалардың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылығын арттыруға, табиғатты қорғауға деген көзқарасын өзгертуге ықпал етпек.
«Қалдық заттарды қоқысқа тастамаймыз, қайта қолдану арқылы пайдаға асырамыз деген ұғыммен көрме ұйымдастырып жатырмыз. Ұлттық біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық кілемшелерін, бұйымдарын жасаймыз», – деді №153 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Алина Нұрмаханбетова.
«Бәйтеректі анам екеуміз қақпақтардан жасадық. Бұл – Астана қаласының символы. Маған Бәйтерек ұнайды. Тұрмыстық заттардан, осындай қалдықтардан жасасаңыздар болады», – деді «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі Ажар Бауыржанқызы.
Оқи отырыңыз: Ұлыңыз оянбайды: ата-анларға үрей тудыратын хабарлама келген