Бұл бастама «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында қолға алынған
Алматы тұрғындары мерзімі өткен, пайдалануға жарамайтын дәрі-дәрмектерді емханаларға апарып, тапсыра алады. Бұл бастама «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында қолға алынған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол үшін шаһардағы 36 емханаға арнайы жәшіктер орналастырылған. Тұрғындар оған дәрінің түр-түрін, сұйықтықтар мен басқа да емдік заттарды сала алады. Осы арқылы зиянды дәрілік препараттардан қоршаған ортаны ластамай, олардан қауіпсіз түрде құтылуға мүмкіндік туып отыр.
Атап өтейік, қолданылған медициналық бетперделер, қолғаптар пен шприцтер, сонымен қатар таңғыш материалдарды әкелуге тыйым салынған.
«Сұйық дәрі құтылары, шәрбаттар, тамшылар, жақпалар мен гельдер алып келіп, тастауға болады. Дәрілерді тығыз пакеттерге салып, тығыз байлап, алып келіп, тастау керек, – деді №36 емхана бас дәрігерінің орынбасары Хабиба Мұсаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда бүлдіршіндер пластикті қайта өңдеп, бұйым жасаған