Онда 60 жұмысшы жұмыс істейді
Алматыдағы №8 өрт сөндіру бөлімі 55 жыл өткеннен соң қайта жаңғыртылды. Инфрақұрылымы жақсарған, инженерлік желілері жаңасына алмастырылған мекемеге күні кеше еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол бұл бастаманың қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңызды қадамдардың бірі екенін атап өтті.
Айта кетейік, күрделі жөндеуден кейін нысан аумағы толықтай абаттандырылған және 3 ғимарат жаңартылған. Сонымен қатар жаңа желдету жүйесі де орнатылған. Ал өрт сөндіру бөлімі бүгінде Жетісу және Алмалы ауданындағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Онда 60 жұмысшы жұмыс істейді.
«30 жылда тек 34 өрт сөндіру бөлімі салынған еді. Ал біз бір жылдың ішінде 14 орынды қолданысқа бердік. Енді Солтүстік Қазақстанда ашылады. Сондықтан да қарқын жаман емес, мақсатамыз – қалған өңірлерде өрт сөндіру бөлімін ашу, –деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.
«Бұрын техниканың барлығы, киетін киім ескі болатын. Қазір талапқа сай техникамен қамтамасыз етіп жатыр. Жаңа жылдан бері 100-ден аса өртке шықтық, – деді Алмалы аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Асхат Анарқұлов.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар жарамсыз дәрі-дәрмекті емханаға қайта тапсыра алады