Қарағанды облысында 15 жастағы қызын күштеп күйеуге берген ер азаматқа айып тағылды

Жантүршігерлік оқиға Абай қаласында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында 15 жастағы қызын күштеп күйеуге берген ер азаматқа айып тағылды. Жантүршігерлік оқиға Абай қаласында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала тараған ақпарға сүйенсек, мұнда әкесі өгей қызын мәжбүрлеп күйеуге берген соң, 38 жастағы досы өрімдей баланы зорлапты. Ал  жасөспірім арада бес күн өткенде ғана туған әкесіне қашып келген. Қазір аталған оқиға жан-жақты зерттеліп жатыр.

 «15 жастағы қыз балаға қатысты қылмыстық іс-әрекет жасаған 38 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленушімен психолог мамандар жұмыс жасауда», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

Оқи отырыңыз: Ұлыңыз оянбайды: ата-анларға үрей тудыратын хабарлама келген

Новости партнеров