Алатау ауданында мереке күндері көлік қозғалысының өзгеруі және тұрақ ұйымдастыру

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл шешім іс-шараларға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданында Наурыз мейрамын 21-22 наурызда тойлау және 22 наурызда «Алматы Арена» спорт кешенінде «Tynda Music» ауқымды симфониялық концертін өткізу қарсаңында қала әкімдігі жол қозғалысы мен тұрақ ұйымдастырудағы уақытша өзгерістер туралы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 19  наурызда сағат 00:00-ден 24 наурыз күні 00:00-ге дейін Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі учаскедегі Универсиадная көшесі бойынша қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл шешім іс-шараларға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.  

22 наурыз күні сағат 19:00-де «Алматы Аренада» өтетін «Tynda Music» концертіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ Наурыз мейрамының мерекелік іс-шаралары аясында қосымша тұрақ аймақтары ұйымдастырылады:  

  •  Момышұлы көшесіндегі жаңа мешіт аумағында;  
  • «Алматы Арена» спорт кешенінің аумағында;  
  • «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аумағында.  

Қала әкімшілігі Алматы тұрғындары мен қонақтарын маршруттарды алдын ала жоспарлауға, жол қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеруге және ұсынылған тұрақ аймақтарын пайдалануға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында темір жол бойында адам мәйіті табылды

Новости партнеров