Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді

23.12.2024 20:14

Кітапта жазушының өскен ортасы, шығармаларының жазылу тарихы мен замандастарының лебізі қамтылған

Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылыми жұмыс мұражай қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойғы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жарыққа шыққан. Кітапта жазушының өскен ортасы, шығармаларының жазылу тарихы мен замандастарының лебізі қамтылған. Энциклопедияны шығарудағы негізгі мақсат – сөз зергерінің еңбек жолы мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, ғылыми айналымға түсіру. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық музейлер бірлестігінің тапсырысы бойынша жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесерінде зиялы қауым өкілдері, ғылым және өнер қайраткерлері бас қосты.

"Ғабең – әдебиетте ғана емес, бүкіл руханиятымыздағы, қоғамдық өміріміздегі ірі, көрнекті тұлға. Энциклопедия шығару деген өте бір ауыр жұмыс. Ол жылдар бойы кететін үлкен білімділікті, табандылықты қажет ететін, сонымен бірге сергектікті, энтузиазмды талап етеді. Оны кез келген адам жасай алмайды", – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш.

Оқи отырыңыз: Алматыда Аяз ата мен Ақшақарлар шеруі өтті