Алматыда құтқарушылар қоймадан шыққан өртті сөндірді

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Өрт сөндірушілер оттың таралуына жол берген жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қоймадан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, өрт сөндірушілер Әуезов ауданы Төле би көшесі бойында орналасқан қоймадағы өртті сөндіруге жұмылдырылған.

«Құтқарушылар жоғарғы ранг дәрежесі бойынша жұмыс атқарды. Қабылданған шаралар арқылы 280 шаршы метрдегі өрт оқшауланды», - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс қимылдарының арқасында көршілес жиһаз цехына және техникалық қызмет көрсету станциясына оттың таралуына жол берілген жоқ.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Петропавлда пәтерден шыққан өрттен мүгедек адам қаза тапты

Новости партнеров