Ер адам базарда сауда жасап жүргендердің бірін пышақтап кетті

Ksenia Makagonova
Ksenia Makagonova

Полиция қызметкерлері қылмыскерді залалсыздандырып, қолға түсірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Францияда лаңкес базарға келушілерге пышақ ала жүгірген. Салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BILD басылымына сілтеме жасап.

Шабуыл Германиямен шекаралас Мюлуз қаласында болды. Полиция қызметкерлері қылмыскерді залалсыздандырып, қолға түсірді. Оның қолында пышақ пен бұрағыш болған.

Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеп, терроризм әрекеті болғанын айтты. Тергеуді терроризмге қарсы прокуратура өз қолына алды.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті автотұрақ тәртібіне жауапты бірнеше қызметкерді де пышақтап тастаған.

Қылмыскер депортациялауға жататын және террористік қауіп төндіретін адамдар тізімінде болған.

Оқи отырыңыз: Алматыда құтқарушылар қоймадан шыққан өртті сөндірді

Новости партнеров