Алматыда курьерлерге тренинг өтті

Жиынға тәртіп сақшылары мен жеткізушілерге қызмет көрсететін компания өкілдері қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда курьерлерге жол қозғалысы ережелерін түсіндіруге бағытталған тренинг өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға тәртіп сақшылары мен жеткізушілерге қызмет көрсететін компания өкілдері қатысты. Басқосуда әсіресе мопед жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі сөз болды. Себебі 5 сәуірден бастап бұл қос дөңгелекті құрылғы иелері автокөлік тізгіндеушілерімен тең дәрежеде жауапкершілікке тартылады.

 «Алматы қаласы бойынша 5300-ге жуық мопед тіркелді. Біздің жорамалымыз бойынша 5 сәуірге дейін ол сан 9000-10000-ға жуық тіркеледі. Өзгертулер енгізілгеннен кейін мопед иелері толыққанды жол қатысушысы болады. Сол себепті айыппұлдарды сол кезден бастап тіркейтін боламыз», – деді Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда тіркелген мопед саны 5 мыңнан асты

 

Новости партнеров