Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді

16.04.2025 15:13

Оның жалпы салмағы 21 келіден асады

Jeff W/unsplash.com/

Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілетін, жабдықталған фитозертхананы анықтаған.

Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдік, сондай-ақ, арнайы техникалар, шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленген. Сараптамаға сәйкес өсімдіктер марихуана есірткісі деп танылған, оның жалпы салмағы 21 келіден асады.

"Күдікті қамауға алынып, соталды тергеу басталды", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Оқи отырыңыз: Ықыластарыңыз үшін рақмет: Димаш желідегі әзілге қатысты пікір білдірді