БҚО-да 3 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

16.04.2025 15:29

Жер телімдерінің кадастрлық құны 24 миллион теңгеден асады

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Батыс Қазақстан облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сырым ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.

«Қадағалау актілері бойынша жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 24 миллион теңгеден асатын жалпы ауданы 3200 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шын ниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әзербайжандық телеарна ашылуы мүмкін