Жиында сала мамандары, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері бас қосты
Алматыда мемлекеттік тіл мәселесі көтерілген конференция өтті. Жиында сала мамандары, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің қолға алуымен ұйымдастырылған 20-ға жуық іс-шара қорытындыланып, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ конференция барысында мемлекеттік тілдің ахуалы талқыға түсіп, жүзеге асып жатқан жобалар таныстырылды.
"Бұрын тек әлеуметтік зерттеу жүргізетінбіз, биылдан бастап тіл білімінің лингвистика саласы тұрғысынан зерттеу жүргізіліп, монографиясын жасап, жария етіп отырмыз", – деді Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет.
Оқи отырыңыз: Сөз өнері: Алматыда қазақ әдебиетінің әлемдегі орны талқаланды