Алматыда наурыздан бастап қандай кезекші ХҚКО жұмыс істейді

28.02.2025 17:26


Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары 3 ай сайын ауысып отырады

Almaty.tv

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы филиалы наурыздан бастап кестеге сәйкес қалада үш кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар: Нұркент ықшамауданы, 5/17 мекенжайындағы Алатау аудандық ХҚКО, Бөгенбай батыр көшесі, 221 мекенжайында орналасқан Алмалы аудандық ХҚКО және «Алмагүл» шағын ауданы, Ходжанова көшесі, 9а мекенжайы бойынша орналасқан Бостандық аудандық ХҚКО. Бұл орталықтар азаматтарды 9:00 — 20:00 аралығында, ал сенбі күндері 13:00–ге дейін қабылдайтын болады. 

Сондай-ақ азаматтарды Аққайнар көшесі, 1 және Ақсуат көшесі, 118 мекенжайы бойынша орналасқан екі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қабылдайды.

Қаланың қалған ХҚКО-лары әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00–ден 18:00–ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары 3 ай сайын ауысып отырады.

Оқи отырыңыз: ҚР азаматтығын алуға үміткерлердің өтініші қашан қабылданады