ТОП-3: Былтыр бала туу және күтіміне байланысты 650 мыңнан астам өтініш түскен

28.02.2025 17:37

Зейнетақы төлемдері көрсеткіште екінші орынға ие болды

Almaty.tv

024 жылы Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру желісі бойынша азаматтар баланың тууына және күтіміне байланысты төлемақы мен жәрдемақыға алуға жиі жүгінген. Сұраныс негізінде 12 ай ішінде 650 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зейнетақы төлемдері көрсеткіште екінші орынға ие болды, олардың жалпы саны 345 мыңды құрады. Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы үшінші орынды иеленіп, қабылданған өтініштердің саны 61 мың қызметті құрады. Естеріңізге сала кетейік, бұл төлемдер Республикалық бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүзеге асырылады.      

«Мемлекеттік корпорация басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық технологияларды белсенді енгізіп, қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету арқылы әлеуметтік төлемдерді ұсыну процестерін жетілдіруді жалғастыруда. Бұл қызметті алуды азаматтар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді етеді», – деді Мемлекеттік корпорация Басқарма Төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Еске салайық, азаматтар әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау үшін үнемі халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне бермейді. Цифрландырудың арқасында олар өтінішті электронды үкімет порталы, банк қосымшалары арқылы беруге, сондай-ақ композиттік қызмет пен проактивті тәсілді пайдалана алады.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен жылы әлеуметтік блок желісі бойынша 2 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда наурыздан бастап қандай кезекші ХҚКО жұмыс істейді