Үш адам бірлесе, баспана иесіне 10 миллион теңгеге жуық шығын келтірген
Елімізде үш айдың ішінде пәтер тонаған 25 қылмыстық топ ұсталды. Оның бірі Алматыда анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үш адам бірлесе, баспана иесіне 10 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазір дәл осындай ұрлық түрімен күрес қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, соңғы бес жылда көрсеткіш 14 мыңнан 6 мың дерекке дейін төмендеген, екі есе азайған. Сала мамандары заң бұзатындарға тойтарыс беру үшін қарапайым әрі тиімді қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Есікке сапалы құлып салып, терезеге тор тартып, дабыл жүйесі мен бейнебақылау камераларының мүмкіндігін қолдану керек.
«Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ құрамында үш адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша шығын 10 млн теңге», – деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Оқи отырыңыз: Мотоцикл тізгіндеген тұрғын жұмысшыларды қағып, екі адам көз жұмды