Алматыда сел жүруі мүмкін 195 учаске, ал қар көшкіні болуы ықтимал 165 орын бар. Апаттың алдын алу мақсатында бүгінге дейін 6 көлде 4,3 миллион текше метр су босатылып, олардың деңгейі едәуір төмендетілді. Сел қаупін сейілтетін стансалардың қазіргі ахуалы қандай? Бөгеттерден қауіп бар ма? Бұл сұрақтарға AlmatyTV студиясында «Қазселденқорғау» Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Әлішер ТОҚТАСЫН жауап берді.