Алматыда тұрғын үй маңында әйелдің мәйіті табылды

11.03.2025 12:00

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр

Scott Rodgerson/unsplash.com/

Алматы полициясы бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Желідегі мәліметке сәйкес, әйел «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінің 18 қабатынан секіріп, мерт болған.

"Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Еске салайық, былтыр «Теремки» тұрғын үй кешенінде осыған ұқсас оқиға болғанын жазғанбыз. Әйел көп қабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды.

Оқи отырыңыз: Алматының Әуезов ауданында 4 заңсыз дүңгіршек жойылды